«Balapan» телеарнасы 2010 жылдың 27 қыркүйегінен бастап эфирге шыға бастады. Шығармашылық бірлестік «Қазақстан» телеарадиокорпорациясының құрамына кіреді. Арна кабельдік желіден эфирге шығады. Аудиториясы 0-8 жас аралығындағы балалар. Эфир уақыты 07:00 – 24:00 аралығын қамтиды. «Balapan» телеарнасы тек қана қазақ тілінде хабар таратады. Интернеттегі арнайы беті - balapan.tv «Balapan» телеарнасының алға қойған мақсаты - келешек ұрпақтың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі, білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ержетуіне ықпал жасау. Сондай-ақ, дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, еңбексүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. «Балапан» телеарнасының «Батырлар» жобасы 2015 жылы халықаралық «ТЭФИ-2015» телевизиялық байқауының жеңімпазы атанды.
Балапан balapan "күлдір бүлдір" "детский телеканал" "балапан телеарнасы" "казакша мультфильм" "қазақша мультфильм"